Войти через

  • 8°C

Пятница, 19 апреля

Комиссия жұмысын бастады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Наурыз айында облыстық мәслихаттың жанындағы индустриялық-инновациялық, көліктік-логистикалық даму, кіші және орта бизнесті, туризм мен спортты қолдау мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Комиссия төрағасы болып депутат Берік Тынышбаев сайланды. Күні кеше өткен жиында комиссияның жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді. Яғни, басым бағыттар мен тақырыптарды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша әкімдіктер мен мемлекеттік органдарды тыңдау мерзімін айқындалды. Жұмыс бағыты "Nur Otan" партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша  Жол картасы аясында жүргізілетін болады.

«Жұмыстың сапалы орындалуына қатаң бақылау жасау үшін әрбір объектіге депутатты жеке бекітіп берді. Себебі, жоспарланған жұмыстар, нысандар мен жобалар көп. Тек кәсіпкерлікте ғана отандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен 51 серпінді инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бес жыл ішінде аудандарда 18 спорт нысанының құрылысы жүргізіледі. Туризм және көлік салаларында жұмыс серпіні осындай», - деп атап өтті комиссия мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Руслан Қожасбаев.

Это может Вас заинтересовать