Войти через

  • 13°C

Пятница, 21 марта

«Қонаев қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі»мемлекеттік мекемесінің спорттық этика мен қоғамдық тәртіпті бұзбау, спорттық спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптары

TINFO
Служба новостей

Бүгін “Қонаев қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі” КММ оқушыларымен спорттық этика мен қоғамдық тәртіпті бұзбау жайында тәрбие жұмысы, Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы түсіндіру жұмысы өтті. Аталған іс-шараға Қонаев қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Исаханов Алишер Айдынұлы, Қонаев қаласының полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің инспекторы капитан Дабылдаев Асхат Бақытұлы, грек-рим күресінен КСРО-ның спорт шебері, 1984 жылғы жастар арасында КСРО-ның чемпионы, 2012 жылғы ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы Қыпшақов Бағашар Кәтішұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жақанша Хорлан Қанатұлы қатысты. Тәрбие жұмысының басты аспекті спорттық этиканың нормаларын жеткізу және әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеттер жасалған жағдайда болатын салдарды түсіндіру.

Это может Вас заинтересовать