Войти через

  • 21°C

Среда, 24 апреля

Кореялық ЕBS теларнасының журналистері Текелі шаһарында

TINFO
TINFO
Служба новостей

Осы аптада қала әкімі Батыр Молдахметов халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлері жайында арнайы теле бағдарлама түсіруге келген Оңтүстік Корея ЕBS арнайы білім беру жүйесі (Educational Broadcast System) телеарнасының журналистерін қабылдап, туризмді өркендету бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен, болашақта қолға алынатын жобалармен таныс-тырды.

Шағын шаһарымыздың туристік әлеуетін өз телеарналары арқылы корей еліне таныстыруға ниетті журналистерге ризашылығын жеткізді. Олар көркем табиғатымызды, әсем де көрнекті жерлерімізді аралап, сұлу тау табиғатымен жарасым тапқан қаланың келісті келбетін айшықтайтын бейнебаян түсіреді.

Тіршілігімізбен біте қайнасып жатқан ұлттық ерекшеліктерімізге, салт-дәстүрлерімізге, ұлттық өнер мен спортқа, әсіресе, халқымыздың ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан шаруашылығына, саятшылық өнеріне, атқа міну мәдениетіне, сонымен бірге, бала тәрбиесіне ерекше қызығушылық танытып, бесікке салу, тұсаукесер секілді жоралғыларға, көкпар, аударыспақ, теңге ілу сынды ұлттық ойындарға ерекше назар аудармақ.

Журналист Сон Жун Хванның айтуынша олардың Текеліге арнайы атбасын бұруына қаламыздың тұрғыны, белгілі саятшы Файзолла Бүркітбайдың әлеуметтік желілерге салған құс баптау, ат баптау, саятшылық өнері жайындағы суреттері мен ақпараттары себеп болған.

Текелі қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ұлжан Ұлдаханқызы

Это может Вас заинтересовать