Войти через

  • 11°C

Четверг, 25 апреля

Ұлы ақын ескерткішіне гүл қойылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

10 тамыз  Абай күніне орай бүгін ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою акциясы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Атаулы күнге орай облысымыздың түкпір-түкпірінде ұлы ақынның ескерткіштеріне тағзым етілді. Бұл акциядан қарасайлықтар да шет қалған жоқ. Атап айтар болсақ,  Райымбек округіндегі Абай ауылындағы орналасқан Абай Құнанбайұлының  ескерткішіне   аталған округтің әкімі  Елжан Төленбаев пен ауылдық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әбләшім Беспаев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ділда Әбілқасымова, ықылас гүлін қойды.

Биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Осы орайда Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев ақынның мерейтойын атап өту туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Сол уақыттан бастап   10 тамыз – еліміз бойынша Абай күні болып белгіленді.  

Это может Вас заинтересовать