Войти через

  • 5°C

Пятница, 26 апреля

"Ұлы даланың ұлы тұлғалары" онлайн видео байқауы өтті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысында "Ұлы даланың ұлы тұлғалары" атты онлайн видео байқауының жеңімпаздарын анықтады, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Онлайн видео байқау С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен Абайдың 175 жылдығына орай өтті. Байқауға 6-11 жас аралығындағы балалар қатысты.

Шығармашылық байқау балалар әдебиетін насихаттау, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті арттыру мақсатында ұйымдастырылды. 

Қазылар алқасының шешімі бойынша  1- орынды Талдықорған қалалық балалар кітапханасы жеңіп алса, Іле аудандық кітапханасы 2- тұғырдан көрінді. 

Ал,  Ақсу аудандық балалар кітапханасы  3-орынды қанжығасына байлады.

Онлайн режимде өткен марапат негізінде бақ сынасқан барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар жолданды.

Это может Вас заинтересовать