Войти через

  • 15°C

Четверг, 25 апреля

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен Алматы облысында болды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Мәжіліс депутаттары Әлия Әбсеметова, Мақпал Тәжмағамбетова жұмыс сапарымен Алматы облысында болды деп хабарлайды Tinfo.kz.

Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаевамен бірге Іле  ауданының Өтеген  батыр ауылындағы саябақ пен орталық спорт алаңында болды. Спорт алаңында  жаттықтырушы мен және балалармен тілдесіп,  қазіргі уақытта  қандай өзекті мәселелер бар екендігін сұрап, балалардың жаттығуымен танысты. Ары қарай депутаттар «Қуат» балабақшасында болып, күрделі  жөндеуден кейінгі балабақшаның  жәй-күйімен танысып, балабақша   тәрбиешілерімен  тілдесті. Күрделі  жөндеуден кейінгі балабақшаның кем-кетіктерімен танысып, бөлінетін қаражатты тиімді  пайдалануды ұсынды.

Тілдесу барысында депутаттар балабақша басшылығына  балаларды кішкентай кезінен  патриоттық тәрбиеге баулуға, яғни домбыра, тоғызқұмалақ  т.б. ұлттық аспаптар менен  үйірмелер  ашуға ұсыныс айтты.

Келесі кезекте Мәжіліс депутаттарымен партия басшылығы Қараой ауылындағы  партияның сайлауалды бағдарламасында жоспарланып салынып жатқан 900 орындық орта мектептің  құрылысы мен танысты.  Қазіргі таңда  құрылыс басында   жұмысшылар толығымен жұмыс жасап,  нысанның 80% астамын аяқтап  осы жылдың тамыз  айында  жоспарға сай бітіріп, тапсыратындықтарын айтты.

Это может Вас заинтересовать