Войти через

  • 24°C

Пятница, 19 апреля

Мақтааралға Алматы облысынан екінші мәрте көмек керуені аттанды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Су апаты орын алған Мақтаарал ауданына Алматы облысынан екінші мәрте гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Шара «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Амандық Баталовтың бастамасымен қолға алынды. Партия мүшелерінің қолдауымен 82 тонна гуманитарлық көмек жиналып, төрт жүк көлігімен жөнелтілді.   Оның ішінде құрылысқа қажетті қызыл кірпіш, газ блоктары, құрғақ қоспалар бар.

https://www.instagram.com/p/CAp4cMqH0CK/
Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаевтың сөзінше, Алматы облысынан барлығы 400 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілген.

Фото, видео: «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Это может Вас заинтересовать