Войти через

  • 17°C

Четверг, 25 апреля

Маңызды мәселе қаралды

TINFO
TINFO
Служба новостей

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен онлайн жүйеде отырыс өтті. Отырыста «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы маңызды мәселелер қаралды.

Шараға білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет саласының мамандары мен кәсіподақ қызметкерлері қатысты. Сөз алған «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров сайлауалды бағдарламаның жүйелі жүзеге асуы үшін табандылық, жауапкершілік қажет екенін айтты.

– Атқарылған жұмыс нәтижелі болуы үшін үлкен талап керек. Ал, талап болмай жұмыс жүйелі жүрмейді. Сайлауалды бағдарлама алға қойылған жоспар болғанмен, жоспар талаптың арқасында жүзеге асады. Сондықтан партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда барлық күш-жігерімізді салып, еңбек етуіміз қажет, – деді Серік Нұрқадырұлы.

Отырысқа қатысушылар партияның сайлауалды бағдарламасына байланысты сұрақтарын қойып, білім, денсаулық саласын дамыту бойынша ұсыныстарын айтты. Әсіресе, кадр тапшылығын жою, білімді мамандарды ауылды жерге жұмысқа орналастыру, жастардың білім алуына жағдай жасау секілді мәселелер сөз болды

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан  төленді.

Это может Вас заинтересовать