Войти через

  • 16°C

Четверг, 25 апреля

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі - Ыбырай Алтынсарин

TINFO
TINFO
Служба новостей

Ұстаздар күніне орай, өз ұстазым, мектебім жайлы бір ауыз жазып кетпесем болмайды. 1999 жылдық 1 қыркүйегінде Талдықорған қаласындағы №6 Антон Семенович Макаренко атындағы мектепке алғаш қадам басып, 2010 жылы тәмамдадым, tinfo.kz хабарлайды

Александр Македонскийдің сөзін еске түсіре кетсем, «Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым», расымен мектепке тарыдай болып кіріп, таудай болып шықаным анық. Ұстаздарымның төккен терлері аз емес. Бастауыш сыныпта Роза Телембайқызы Саурықова апайымыздан әліппені бастап, орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі Жазира Нұрғалиқызы Омарқұлова апаймыздың тәрбиесін де білімін де сіңірдік. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы демекші, берген білім тәрбиемен кең ұштасып, сапалы біліммен қатар, мектептің қоғамдық, тәрбиелік шараларына кеңінен қатысуға жол ашық болды. Кербез Қуатқызы, Ләззат Өзбекқызы, Гүлнәр Қабытайқызының директорлық кезінен өтіп, мектепті атына сай абыроймен оқуға бар жанымызды салдық. Асия Естайқызы Бөкенбаева басшылығында мектебімізге күрделі жөндеу жүріп жатқанына қуаныштымын. Болашақта әкім немесе министр болсам, мектеп жанына облысымызда теңдесі жоқ оқушыларға арналған ғылыми-зерттеу орталығының ашылуына ықпалымды тигіземін.

Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани айтқандай «…Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес,шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады», әр оқушының көңілін таба білген, біліммен тәрбие беруде жанын бере еліне қызмет еткен ұстаздарымды мерекемен құттықтаймын!

Әлемде әр адам үш адамға қарыз деп ойлаймын. Тәрбиелеп өсіріп, тұлға еткен ата-анасына, білім берген ұстазына, денсаулығына үлес қосқан ақ-халатты абзал жандарға! Басымды ие Сіздерге алғысымды білдіремін.

Ардақты ұстаздарымды мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаз,ұстаз!!!

Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,

Осы сөзде таусылмайтын жылылық.

Әль фараби, Ыбырай мен, Ақаңды

Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып.

Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,

Тентектерді ақылмемен емдейтін,

Болса дағы малға кедей өмірде.

Бар байлығым шәкірттеррім сен дейтін!

Это может Вас заинтересовать