Войти через

  • 10°C

Пятница, 29 марта

Мәжіліс депутаттары Кербұлақ ауданына іс-сапармен болды

TINFO
TINFO
Служба новостей

9 шілде күні Парламент Мәжілісі депутаттарының өңіріміздегі іс-сапары аясында Ж.Әшімжан және Ж.Телпекбаева облыстық мәслихат хатшысы Ж.Жөргенбаевпен бірге Кербұлақ ауданында болды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Мәжілісмендер бірінші кезекте «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын аудан көлемінде орындау жөніндегі Жол картасы аясында іске асырылып жатқан жұмыстармен танысты. Оның ішінде Сарыөзек ауылының газ тарату желілерінің құрылысы жұмыстарымен және аудан орталығынан салынып жатқан және алдағы уақытта ашылуы тиіс Ш. Уәлиханов атындағы саябақтың құрылыс барысымен танысты.

Сондай-ақ, халық қалаулылары «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген «Жол картасының» ауданда іске асырылу барысымен танысу жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелерімен кездесу өткізіп, жиын барысында Жол картасында жоспарланған негізгі іс-шаралардың орындалу барысы талқыланып, қажетті ұсыныстары айтылды.

Это может Вас заинтересовать