Войти через

  • 19°C

Четверг, 25 июля

Мәжіліс депутаты су қоймасының жайымен танысты

TINFO
Служба новостей

Жетісу облысына жұмыс сапары барысында Парламент Мәжілісінің депутаты, “AMANAT” партиясы фракциясының мүшесі Керімбек Болат Бақбергенұлы Ескелді ауданындағы су торабының жұмысымен танысты.

Стратегиялық маңызы бар нысандарда жыл сайын арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілетіні белгілі. Соған сәйкес, су қоймасында тиісті шаралар қолға алынуы керек.

- Стратегиялық маңызы бар нысанның жөндеу жұмыстары аса үлкен жауапкершілікті талап етеді, себебі өңірдің ауыл шаруашылығы үшін аталмыш қоймалардың берері мол. Осыған жауапты сала басшыларына да талапта күшті болу керек, - деп атап өтті депутат Болат Бақбергенұлы.

Жетісу облысы аграрлы аймақтың біріне жатады. Республикадағы суармалы жерлердің 3/1 бөлігі облысқа тиісілі. Жалпы, Қаратал өзеніндегі бұл су тарту бөгеті 1976 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде күрделі жұмыс жүргізілмеген
бұл нысанның техникалық жағдай қанағаттанарлықсыз деп бағаланған. Бөгеттің төменгі бьефінің бетон түбі бұлыңғыр, бос жерлер көрінеді. Бұрандалы көтергіштердің электр жабдықтары тозған, ауыстыруды және қызметтік көпір күрделі жөндеуді қажет етеді.

Айта кетейік, «Қазсушар» РМК Алматы филиалы 8 ауданға қызмет көрсетеді: (Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Көксу, Панфилов, Ұйғыр және Шеңгелді). Филиал теңгерімінде 15 су алу торабы және 9 су қоймасы, 5,1 мың шақырым каналдар бар, суармалы жерлердің жалпы көлемі 197,7 мың га құрайды.

Это может Вас заинтересовать