Войти через

  • 17°C

Четверг, 25 апреля

Медицинада серпін болады

TINFO
TINFO
Служба новостей
Бүгін Қапшағай қаласында медицина саласының өкілдерімен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Әлия Әбсеметова кездесті. Кездесуде үміткер Nur Otan» партиясы бағдарламасындағы денсаулық сақтау саласына қатысты бағыттарды таразылады.
Шынында, денсаулық сақтау саласы – ел тұрғындарының әл-ауқатын жақсартудың ең басты тетігі. Ал бұл саланың кем-кетігі мен басты проблемаларын медицина қызметкерлерінен өзге ешкім жақсы білмейтіні де анық. Мұны ескерген алтын құрсақты ана Әлия Әбсеметова олардың жайын білмек мақсатта және партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау үшін қапшағайлық дәрігерлермен жүздесуді жөн көргендей.
- Таяудағы бес жыл ішінде «Nur Otan» партиясы қалалық деңгейде емханалық және стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелерін жабдықтауға арналған медициналық жабдық сатып алуды көздеп отыр. Мұнан өзге, 2025 жылға дейін өңірде 71 медициналық нысан бой көтермек. Олардың қатарында, 7 емхана, 31 дәрігерлік амбулатория, 18 фельдшерлік-акушерлік пункт және 16 медициналық пункт бар. Мұнан бөлек, сайлауалды бағдарламада көзделгендей облыстық кардиологиялық орталыққа жапсаржай салу, Іле ауданында 125 орындық перзентхана, Сарқан және Талғар аудандарында екі жұқпалы аурулар бөлімшесін салу жоспарланған. Осындай нәтижелі жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылға қарай өмір сүру көрсеткіші 75 жасқа ұлғаяды, - деді үміткер.
Сала өкілдері тарапынан «Nur Otan» партиясының 7 басымдығына топтастырылған сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша атқарылатын жоспарларына үлкен қызығушылық танытып, бағдарламаның көңілдерінен шыққанындарын жеткізді және де жоғары баға берді. Сондай-ақ 10 қаңтарда өтетін сайлауға бір кісідей ат салысатындарын жасырмады. Үміткер өз тараптарынан еліміздің жарқын болашағы үшін, тұрғындардың қолайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Это может Вас заинтересовать