Войти через

  • 20°C

Суббота, 20 апреля

Моно- және шағын қалаларды дамыту талқыланды

TINFO
TINFO
Служба новостей

21 қазан күні «Nur Otan» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы ұйымдастырылды. Жиын Мәжіліс депутаты Юлия Кучинскаяның төрағалығымен өтті. Моно- және шағын қалаларды дамыту мәселелері, оның ішінде оларды абаттандыру, қала құраушы кәсіпорындардың рөлін арттыру, мемлекет пен жеке инвесторлардың қатысуымен жобаларды әзірлеу бойынша ағымдағы жағдай мен мәселелер қаралды, деп хабарлайды Tinfo.kz

Сондай-ақ, өңірлік сайлауалды бағдарламалар аясында орындалмау қаупі бар жобаларға қатысты сұрақтар көтерілді. Жиын қорытындысы бойынша облыстарда аталмыш отырыс өткізіп, онда өңірлердегі проблемалық нысандар бойынша шешу жолдарын талқылап, сондай-ақ "Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасының іске асырылу барысын бақылауға алу бойынша ұсыныстар айтылды.

Руслан Қожасбаев, Алматы облыстық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес төрағасы

Это может Вас заинтересовать