Войти через

  • 9°C

Пятница, 19 апреля

Нұркентте 240 пәтердің құрылысы басталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Панфилов ауданының  Нұркент қалашығында 60 пәтерлі төрт тұрғын үй салынуда, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Ауданы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше,  аталған тұрғын үйге республикалық және жергілікті бюджеттен 2 млрд 79 миллион теңге бөлінген. Жалгерлік тұрғын үйлер келер жылдың екінші жартысында пайдалануға беріледі.

«Қазір құрылыс қарқынды жүрілуде. Мердігер компания жұмысты жоспар бойынша орындап жатыр. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыдар, абаттандыру жұмыстары барлығы толығымен жүйеленген», - дейді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Арғынғазы Саурықов

Аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Тазабековтың сөзінше, 240 пәтер мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйге кезекте тұрған адамдарға беріледі. Қазір аудан бойынша 3086 отбасы кезекте тұр.

Панфилов ауданында биыл кезекте тұрғандарға 40 жалгерлік үйдің кілті тапсырылса, кәсіпкерлер тарапынан көп балалы 14 отбасыға баспана берілген.

Фото: Панфилов ауданы әкімнің баспасөз қызметі.

Это может Вас заинтересовать