Войти через

  • 16°C

Среда, 24 апреля

«Нұрлы жол»: Президент тапсырмасы іс жүзінде

TINFO
TINFO
Служба новостей

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты кезекті Жолдауында жолдың сапасы мен көлік мәселесіне, әсіресе жолаушыларға арналған сервистік қызметке де назар аударды. Президент: -  «Нұрлы жол» бағдарламасының бірінші кезеңі табысты жүзеге асырылды... Екінші кезеңі еліміздің көлік-транзит секторының жетекші рөлін бекемдеуге арналуы керек... Алдымызда тұрған міндет – 2025 жылға дейін 24 мың шақырым жолды, яғни республикалық маңызы бар жолдардың бәрін қайта жөндеп, жол бойындағы қызмет көрсетумен қамтамасыз ету»- деп қадап айтты.

Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында өткен жылы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі, «ҚазАвтоЖол» кәсіпорны және «COMPASS» желілік жанар май құю станциялары арасында өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды. Өзара келісім аясында мекеме басшылары 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 35 заманауи, қызмет көрсету кешенін салуды жоспарлады. Жоба толық іске асқанда 4 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтитын болып шешілді. Инвестиция көлемі 30 миллиард теңге. Аталған компаниялар өз мойындарына алған міндеттемелерін іс жүзінде орындап шықты.

Олар жыл басында  «Алматы – Талдықорған» тасжолының 20-шақырымында жол бойында қызмет көрсету кешенінің алғашқысын ашып, көпшіліктің ақ батасына ие болды. Оның аумағында 14 автокөлікке және 2 электромобильге арналған жанармай бекеті, жүк көліктерге арналған тұрақтар жұмыс істейді. Ғимараттың ауданы 1000 шаршы метрді құрайды. Саяхатшылар үшін асхана мен жеңіл тағамдардың түр-түрін қамтыған экспресс-кафе санитарлық талапқа сай қызмет көрсетеді. Міне осындай заманауи кешен қызметінде автокөліктердің тынымсыз қатынасындағы жолдың сапасы мен жыл бойы күтіп ұсталуын бақылауға жауапты «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының да ел алдындағы жауапкершілігі жоғары. Сондықтан орталық мамандары белсенділікпен жұмыс атқаруда. Олар автожолдардың қыс мезгілінде қардан уақытылы тазартылуын, қоқыстардың дер кезінде жиналуын үнемі назарда ұстауда.

Ақбөпе ЖИЕНҚҰЛОВА

Это может Вас заинтересовать