Войти через

  • 18°C

Среда, 24 апреля

Нақ істер партиясын қолдауға шақырды

TINFO
TINFO
Служба новостей
Бүгін Алматы облыстық мәслихаты және Талғар аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер Асқар Сүлейменов, Амангелді Сембаев, Бауыржан Әукенов және Айдар Сариповтар СОК «Ақ Бұлақ» демалыс орталығында сайлаушылармен жолықты. Ұжымда кездесу өткізудің өз себебі бар. «Халықтың жайын білмек болсаң, ортасына түсіп көр» деген. Шынын да солай, олардың жайын білмек керек болғанда, арасына бару керек. Олардың үнін мінберде емес, ортасында тыңдау қажет.
- «Nur Otan» партиясы – нақты істер партиясы. Оған анық көзім жетті. Елдің жайына болысып, қиын-қыстау сәттерде партиямыз қалтарыста қалмады. Кешегі пандемия кезінде, Мақтаралдағы апат кезінде оны нақты дәлелдей түсті. Алғаш рет елімізде партияішілік іріктеу өткізіп, шын мәнінде еліміздің демократиялық таңдауының аясы кеңігенін аңғартты. Партия жастарға мол мүмкіндік беруде. Одан бөлек нәзікжандылардың да мінберге шығуына жағдай жасауда. Бастысы халық көңілінен шығып, артылған сенімді ақтауды көздейді. Міне, сондықтан халықтық партияға дауыс беруге шақырамын, - деді Асқар Сүлейменов.

- Нақ істер партиясы жаңашылдығымен, елді өрісті дамуға жетелейтін қадамымен айшықты. Біз және партияластарымыз жарқын болашақтың негізін қалаймыз. «Nur Otan» партиясы ауылдағы ағайынның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасында негізгі бағыт етіп алды. Партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына атсалыспақ. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар етжеңді жоспарларын кіргізді. Мәселен, елдегі үш ауысымдық мектептердің түбегейлі жойылуын, балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізуді басты нысанаға алған, - деді Бауыржан Әукенов.
Кездесу барысында үміткерлер партияның атқарған шаруаларын жіпке тізгендей баяндап, алға қойған нық мақсаттарымен бөлісті. Сондай-ақ, 10 қаңтарда жарқын болашақ үшін «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Это может Вас заинтересовать