Войти через

  • 11°C

Вторник, 16 апреля

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне ЮНЕСКО сыйлығы табысталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қытайдың Цзинан қаласында Назарбаев Зияткерлік мектептеріне ЮНЕСКО Wenhui Award сыйлығы табысталды. Бұл білім саласындағы ЮНЕСКО сыйлығына ие болған Қазақстанның алғашқы білім беру мекемесі, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Дипломмен мен ұсынылған жобаны дамытуға арналған  20 мың доллар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидиноваға тапсырылды. 

Wenhui Award «Білім беру – 2030» күн тәртібін ілгерілету үшін университет пен мектеп арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған. 2019 жылдың финалдық кезеңінде Австралия, Қытай, Малайзия және Шри-Ланканың үздік университеттері болған.

Беделді марапатқа ие болу туралы қазан айында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» XI халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жарияланды. Құттықтау хатында Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кластерлік кеңсесінің директоры Криста Пиккат атап өтті.

Алғашқылардың бірі болып NIS-ті жаңа табысымен 2011 жылдан бастап Қазақстанның инновациялық мектептерінің серіктесі болып табылатын Кембридж университеті құттықтады. Кембридж университеті білім беру мектебінің ресми сайтында: «Әріптестік факультеті мектебі білім беру инновациясының марапатын алды «Білім берудегі инновациялар» деген ақпарат жарияланған. 

NIS-programme оқу бағдарламасы мен Сертификатты шетелдік жоғары оқу орындары мойындады: Кембридж Университеті, Борнмут университеті, Глазго Каледония университеті, Гонконг қалалық университеті (ҚХР), Гонконг политехникалық университеті, Пусан ұлттық университеті, Йонсей университеті (Оңтүстік Корея), Монаш университеті (Австралия), олар НЗМ түлектерін жоғары оқу орнына дейінгі курсты өтпей-ақ бакалавриат бағдарламаларына қабылдайды.

Фото: NIS баспасөз қызметі.

Это может Вас заинтересовать