Войти через

  • 18°C

Четверг, 28 марта

«Nur Otan» - айқын бастамалар партиясы

TINFO
TINFO
Служба новостей

Тәуелсіздікке қол жеткізгелі елдің дамуы қарқынды. Ілгері отыздықтан орын алуға ұмтылған мемлекеттің өзінше өркендеу жолы бар. Еселі еңбек өз жемісін беруде. Әлем Қазақстанды Азияның барысы деп танитын уақыт та келді. Қалай дегенмен, уақыт талабы басқаша үндейді. Әлемді жайлаған пандемия, түрліше сипат алып жатқан геосаяси жағдай, ұлтаралық қақтығыстар, жер һәм территория үшін болып жатқан шайқастарда Қазақстанның жалғыз ғана миссиясы бар. Ол – бейбітшілікке үндеу. Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізген сәтте-ақ өз жолын саралап алған еді. Әуелі әлемді қырып-жою қаруынан бас тартты. Сонысымен өзгелерге үлгі болды. Бұл жетістікке масайрап қалуға да болмайды. Әр қазақстандық аянбай еңбек етуі арқалы Қазақстанды өрге сүйреуі тиіс. «Nur Otan» партиясы да жарқын болашаққа бастайтын сайлауалды бағдарламасын ұсынып отыр. Осындай тақырыптарды облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Секенбай Шеңгелбаев әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлерімен кездесуде сөз етті.

- Партиямыз талайдан халықтың жанынан табылып, олардың бар-жоғын түгендеумен келеді. Мысал келтіру үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Биыл ғана Мақтаралдағы ағайын аяқ-астын апатқа ұшырады. Тілсіз жаудың кесірінен үйсіз қалды талай отандасымыз. Міне, сол кезде партиямыз қапы қалмады. Сондағы ағайынды азық-түлікпен, қажетті жабдықпен қамтамасыз ету үшін көлік-керуенін жөнелтті. Одан бөлек, әлемді жайлаған пандемия кезінде аз қамтылған, көп балалы отбасыларға 50 мың теңгеден жәрдем берді. «Nur Otan» елдің дамуын да назардан тыс қалдырған жоқ. Мәселен, Алматы облысында үш ауысымдық мектептерді түбегейлі жоюға атсалыспақ. Өңірде балабақша қажеттілігін 100 пайыз өтемек. Агроөнеркәсіптік кешендердің жұмысын да оңтайландырады. Тұрғындарды таза әрі сапалы ауыз сумен де қамтымақ. Бұл біздің жоспар емес, мойнымызға алған міндетіміз, алға қойған мақсатымыз, - деді Секенбай Шеңгелбаев.

Келелі кездесу барысында сала қызметкерлері тарапынан алдағы жылдары атқарылар жоспарлар мен мақсат-міндеттері сөз болды. Желі қолданушылары тарапынан түскен сауалдарға Секенбай Шеңгелбаев жауап беріп, алдағы жылғы жоспарлармен бөлісіп, аталған жоспарлардың жүзеге асуына ықпал жасайтынын жеткізді. Сайлаушылар тарапынан «Nur Otan» партиясының 7 басымдығына топтастырылған сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша атқарылатын жоспарларына үлкен қызығушылық танытып, бағдарламаның көңілдерінен шыққанындарын жеткізді және де жоғары баға берді. Сондай-ақ 10 қаңтарда өтетін сайлауға бір кісідей ат салысатындарын жасырмады. Үміткер өз тараптарынан еліміздің жарқын болашағы үшін, тұрғындардың қолайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Это может Вас заинтересовать