Войти через

  • 8°C

Пятница, 19 апреля

«Нұр жолы» өткізу пунктінде жаңа электрондық кезек жүйесі енгізілуде

TINFO
TINFO
Служба новостей
Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдеріне «Нұр жолы» өткізу пунктінің электрондық кезегінің ақпараттық жүйесіндегі өзгерістерді түсіндірілді. Жиынға Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Думан Керімбаев, Талдықорған қаласының Көлік прокуроры Данияр Манасбаев, сондай-ақ онлайн режимде кәсіпкерлер қатысты, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Көлік прокуратурасының өкілдері электрондық кезектің жаңартылған ақпараттық жүйесі енгізілетінін айтып өтті. Атап айтқанда, электрондық кезекті түгендеу жоспарлануда, жеңіл автокөлік құралдарын, арнайы техниканы және т. б. алып тастау жоспарланған. Қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы» АҚ еншілес ұйым – «KTZ Express» ЖШС ҚХР-дан көліктік-логистикалық орталыққа дейін өткізу пунктінде тауарларды тасымалдауды ұйымдастыру операторы ретінде анықталды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер проблемалық мәселелерін көтерді.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қараша айында Кәсіпкерлер палатасы мен Көлік прокуратурасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Келісімнің мақсаты -кәсіпкерлік субъектілерін құқықтық қорғауды күшейту.

Это может Вас заинтересовать