Войти через

  • 7°C

Среда, 22 сентября

Облыстық мәслихат хатшысы Ақсу ауданындағы нысандармен танысты

TINFO
TINFO
Служба новостей

29 шілде күні облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев Ақсу ауданының бірнеше елді мекенінде болып, жөндеу өтіп жатқан әлеуметтік нысандардың жағдайы, сонымен қатар, партия сайлауалды бағдарламасының іске асу барысымен танысып қайтты, деп хабарлайды Tinfo.kz Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соның бірі, Сағабүйен ауылындағы ​ Тоқтаров атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары болды. Бірнеше күннен соң, жөндеу жұмыстары басталмақ. Жөндеу 2 жылға жоспарланғандықтан, балаларға жаңа оқу жылында Қарашілік ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында оқу жүргізілмек. Өз кезегінде Жанболат Жөргенбаев құрылыс жұмыстарын сапалы, әрі уақытылы кестемен жүргізу жайы үнемі біздің назарда болатынан атап өтті.

Одан әрі, Қопа ауылына баратын жол жөндеу жұмыстары болды. Жауапты мекемелермен Жанболат Әкебайұлы кездесіп, тиісті тапсырма беріп, жол сапасы жергілікті деңгейде партиямен облыстық мәслихат депутаттарының бақылауында болатынын жеткізді.

 

Это может Вас заинтересовать