Войти через

  • 17°C

Пятница, 19 апреля

Өңірлік кеңес отырысында "Атамекенді" трансформациялау талқыланды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Бүгін Өңірлік кеңестің кезекті жиынында «Атамекенді» трансформациялау аясындағы ұсыныстар талқыланды. Жиынға Өңірлік кеңес төрайымы Римма Салықова мен Кеңес мүшелері және облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оналбаев қатысты. Осыған дейін біздің Өңірлік кеңес 20-ға жуық ұсыныс дайындаған болатын. Кеңес мүшелері өңірлік филиалдарды күшейту, құқық қорғау бағытын нығайту, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға көңіл бөлу, Өңірлік кеңеске сайлау жүйесін өзгерту сынды т.б. сұрақтарды көтерді. Кәсіпкерлердің белсенділігі мен қолдауына зор алғыс! Палатаны трансформациялау жөніндегі жұмыс тобының отырысында өңірлік кәсіпкерліктің мүддесін айтып, қорғап келеді.

Сонымен қатар, «Атамекен Жетісу» микроқаржы ұйымы, аудандық және қалалық кәсіпкерлер кеңесінің, филиалдардың жұмысы бойынша проблемалық мәселелер талқыланды. Қызметімізді одан ары жақсарту бойынша ұсыныстары айтылды. Орындауға қабылданды. Бірқатар ұйымдастырушылық және кадрлық мәселелер қаралды.

Это может Вас заинтересовать