Войти через

  • 21°C

Среда, 24 апреля

«Қорғаста» Беларусь тауарларының сауда орталығы ашылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Беларусь Республикасының тауарлары сатылатын арнайы сауда орталығы ашылды. Онда 20-дан астам түрлі компаниялардың өнімдері қойылған, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жаңадан ашылған сауда павилоны арқылы Қытай нарығына қандай тауар керектігін зерттейміз. Егер біздің өнімдерге сұраныс артып жатса Алматы обысында Беларусь елінің өнімдерін өндіретін боламыз», - дейді Беларусь Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары Александр Турчин.

Беларусь Республикасы Қытай еліне өз өнімдерін мұхит арқылы бір айдан астам тасымалдаса, «Құрғақ порт» арқылы 15 күнге тасымалдау мүмкіндігі бар. Сонымен бірге облыс әкімі Амандық Баталов шетелдік делегацияға Nur joly және «Құрғақ порт» бекеттерінің жұмыстарын таныстырды.

Айта кету керек, өткен жылы Қазақстан мен Беларусь арасында 1 млрд теңгеге сауда-саттық жасалынған.

Фото: www.facebook.com/AmandykBatalov.

Это может Вас заинтересовать