Войти через

  • 19°C

Среда, 24 апреля

Қос тұлға келелі тақырыптарды қаузады

TINFO
TINFO
Служба новостей
Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әлия Ақжолтайқызы Ұйғыр ауданының құрметті азаматы Ызғарбек Бектұрсыновтың шаңырағына атбасын бұрды. Мұндағы мақсат - «Nur Otan» партиясының атқарған шаруаларын, сайлауалды бағдарламада көрсетілген жоспарлы жұмыстарды ауылдың елеулі азаматына түсіндіру.
- Өңірде 732 ауыл бар, оның 151-і жоғары даму әлеуеті бар тірек ауылдар. Өзге ауылдардың әлеуетін арттыру партия назарында болмақ. Мәселен, «Nur Otan» партиясы елді мекендерді әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ өңірдегі қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» жобаларын іске асыруға жәрдемдеседі. Ауыл мен қала, аудан орталықтарын байланыстыратын жолдардың сапасы да жақсарады. Әрине, ауылдағы ағайынның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасында негізгі бағыт етіп отырмыз, - деді Ә.Ақжолтайқызы.
Екі тұлға елдегі медицинаның жайын да сөз етті. Үміткер алғашқы көмек көрсету ұйымдарын медициналық жабдықпен 100 пайыз қамтуды көздейтінін айтты. Мұнан өзге, 2025 жылға дейін өңірде 71 медициналық нысан бой көтермек. Олардың қатарында, 7 емхана, 31 дәрігерлік амбулатория, 18 фельдшерлік-акушерлік пункт және 16 медициналық пункт бар. Мұнан бөлек, сайлауалды бағдарламада көзделгендей облыстық кардиологиялық орталыққа жапсаржай салу, Іле ауданында 125 орындық перзентхана, Сарқан және Талғар аудандарында екі жұқпалы аурулар бөлімшесін салынады.


«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Это может Вас заинтересовать