Войти через

  • 7°C

Вторник, 19 марта

Панфилов ауданында көпбалалы отбасыларға баспана берілді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Тәуелсіздік күні қарсаңында Панфилов ауданында үш көп балалы отбасыға баспана берілді, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Мереке қарсаңында үйлі болған Қарлығаш Әкімбекова тоғыз баланы тәрбиелеп отыр. Жеті жыл пәтер жағалап жүрген отбасыға аудан әкімі баспана кілтін тапсырып, құрмет көрсетті.

«Тоғыз баламызбен көшкенде қатты қиналатын едік. Мен түгілі балаларым үйлі болғанға сенбей жүр. Әкім келіп, кілт бергенде жүрегім орныма түсті. Алғысым шексіз»,- дейді Қарлығаш.

Биыл ауданда пайдалануға 40 жалгерлік үй берілсе, соның 13 көп балалы жанұялар. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 92 млн 900 мың теңгеге 16 отбасыға баспана алынды.

«Қазір ауданда 497 көп балалы отбасы баспана кезегінде тұр. Келер жылы 48 отбасыға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспана беріледі. Сонымен қатар, Нұркентте 240 пәтердің құрылыс жұмыстары жүріліп жатыр. Барлығы пайдалануға берілгенде аталған отбасылардың баспана мәселесі ретімен шешілетін болады,-деді аудан басшысы Талғат Өмірәлиев.

Жалпы биыл аудан әкімдігі жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп кезектен тыс 14 көп балалы отбасыға баспана кілтін тапсырды.
Фото: Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Это может Вас заинтересовать