Войти через

  • 17°C

Четверг, 25 апреля

Панфилов ауданында кәсіпкер құқығы қорғалды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Панфилов ауданының «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мобильді тобына» аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жеке кәсіпкердің дүкеніне заңсыз тексеріс жүргізгені туралы хабарламасы келіп түсті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Анықталғандай, Панфилов ауданы полиция бөлімінің ювеналды полиция тобы заңсыз тексеріс жүргізілген және жүргізілген тексеріс нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 200-бабы 3-тармағымен әкімшілік хаттама толтырған.

Кәсіпкердің құқықтарын қалпына келтіру мақсатында, Панфилов аудандық полиция бөліміне әкімшілік істің күшін жою және заң бұзушылықтарға жол берген қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Алайда, Панфилов аудандық полиция бөлімі жеке кәсіпкерге қатысты толтырған әкімшілік хаттаманы тоқтатудың орнына, істі қарау үшін Панфилов аудандық сотына жолдаған.

Сот отырысында прокуратура тарапынан әкімшілік хаттаманы заңсыз толтырғандығы жөнінде қорытынды берілгеніне қарамастан, аудандық сот жиналған іс-құжаттардың дәлелдемесін тексере келе әкімшілік жауапкершілікке тарту түріндегі жаза тағайындаған.

Бұдан әрі, прокуратура тарапынан кәсіпкердің заңды мүддесін қорғау үшін аудандық сотпен қаралған әкімшілік іс бойынша, облыс сотына аппеляциялық өтінішхат енгізді.

Алматы облыстық сотында жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қаралып, ұсынылған жаңа дәлелдемелерді зерделей келе аудандық соттың қаулысының күші жойылып, әкімшілік іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты өндірістен тоқтатылды.

Жыл басынан бері құрамында «Атамекен» мен прокуратура органдарының өкілдері бар бизнестің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа кәсіп иелерінен 65 өтініш келіп түскен. Аталмыш фактілер бойынша заңдылықты бұзушылықты жою туралы 26 ұсыныс, алты наразылық енгізілді, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларының жүйесі іске асырылды. Кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін 15 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, өңірдің 8 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қорғалды.

Құрметті кәсіпкерлер Сіздердің құқықтарыңызды қорғау үшін «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мобильді тобы» жұмыс істеуде. Осыған байланысты құқықтарыңыз бұзылған жағдайда +7 (72831) 5-22-83, 5-23-39, +7747 126 44 11, +7747 555 46 95 байланыс телефонына хабарласуға немесе Жаркент қаласы, Головацкий көшесі №127/1 мекен-жайында орналасқан Панфилов аудандық прокуратурасына және Туркебаев көшесі №40/4 мекен-жайында орналасқан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына келіп құқықтарыңызды қорғай аласыздар.

Это может Вас заинтересовать