Войти через

  • 23°C

Четверг, 28 марта

Панфилов ауданында жастарды кәсіпкерлікке тарту жобасы басталды

TINFO
TINFO
Служба новостей
Алматы облысының Панфилов ауданының "Атамекен" іскер әйелдер кеңесі мен "Didakt-kz" ЖШС кәсіби дамыту және біліктілікті арттыру орталығының бастамасымен "Әлеуметтік бағдарлаудың бір шарты ретінде жастардың кәсіпкерлік құзыреттілігін қалыптастыру" жобасы басталды. Жоба ақысыз негізде жүзеге асырылады. Оның мақсаты - жастардың (Панфилов ауданы мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерінің) кәсіпкерлік дағдыларын қолдау және дамыту.
Жоба үш негізгі модульді кезең-кезеңмен іске асырылып, нәтижесінде "Жас кәсіпкер" клубын құру көзделген.
Бұл бастаманы жергілікті атқарушы органдар, өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалы, мектеп пен колледж басшылары қолдады.

2022 жылдың 2 наурызында жобаның алғашқы кезеңі басталды. Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында "Бизнес-идеяны іздеу. Өз бағытыңды таңдау" тақырыбында Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық және көпсалалы колледждерінің 40 студентінің қатысуымен өтті.

Тренингті жоба модераторы, Панфилов ауданының іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі Суриям Изимова ашты. Шараны бизнес-тренер, "Didakt-kz" ЖШС басшысы, Алматы облысының іскер әйелдер кеңесінің басқарма мүшесі Гүлбарам Адамбаева өткізді. Тренинг интерактивті форматта өтті, ойын технологиялары қолданылды. Әсіресе, қатысушыларға "идеялар матрицасы" іскерлік ойыны ұнады. Рефлексия қорытындысы бойынша студенттер тренингтен күткен үміттері ақталғанын, сондай-ақ жобаның өзектілігін атап өтіп, оның жалғасатынына үміттенеді. Өз кезегінде қатысушыларға қызығушылық танытқаны үшін және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт артқаны үшін алғыс білдірді.

Это может Вас заинтересовать