Войти через

  • 12°C

Пятница, 29 марта

Панфилов ауданының кәсіпкерлері 1800 отбасыға көмек көрсетті

TINFO
TINFO
Служба новостей

«Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Жаркент қаласындағы екі мыңға жуық отбасыға азық-түлік таратылды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Төтенше жағдай кезінде аудан тұрғындарына қолдау көрсетуге жергілікті кәсіпкерлер Закиржан Кузиев пен Серік Ақсубаев 15 миллионға жуық қаражат бөлген.

«Біз аудандағы кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз. Бұған дейін 700-ге  жуыққа көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді. Бүгін 1800 жанұяға әлеуметтік пакет таратылды. Осындай қысылтаяң сәтте тұрғындарға қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге алғыс білдіремін», - деді аудан әкімі Талғат Өмірәлиев.

1800 отбасыға көрсетілген қайырымдылық шарасына Закиржан Кузиев басқаратын «Жаркент крахмал-сірне» зауытының қызметкерлері де қамтылған.

«Бізде 1200-ден астам қызметкерлер жұмыс істейді. Төтенше жағдайға қарамастан жұмыс тоқтаған емес. Сондықтан осындай жағдайда қол ұшын беру керек. Алдағы уақытта бұндай қайырымдылық шаралары жалғасын табатын болады», - дейді зауыт басшысы.

Жаркент тұрғындары кәсіпкерлерге көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді.

Фото: Панфилов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.                 

Это может Вас заинтересовать