Войти через

  • 22°C

Четверг, 28 марта

Партия жұмысына сәттілік тіледі

TINFO
TINFO
Служба новостей

Іле ауданындағы үгіт насихаттық жұмыс аясында облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер еңбек ардагері, Іле ауданының құрметті азаматы, Боралдай ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Мархаба Каламбаева апамыздың үйінде барды.

Үміткерлер кездесу барысында еңбек ардагерімен сұхбаттасып, келген мақсатын айтып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы жайлы толық ақпарат берді. Айталық, алдағы бес жылда Іле ауданында «Береке» инженерлік инфрақұрылым салынып, соя өңдейтін «АгриТЕЧ» кәсіпорнын жаңғырту жұмыстары қолға алынады. Бұдан бөлдек 2 қоқыс өңдеу зауытының құрылысы басталып, Боралдай кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу көзделген. Үміткерлер шағын және орта бизнесті дамыту, жол салу, жұмыспен қамту, аудан экономикасын өрістету, әлеуметтік мәселелерді шешу секілді жоспарларымен бөлісті.

Кездесу соңында нұротандықтар 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырып, ардагерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Өз кезегінде Мархаба апамыз партияның жасап жатқан игі жұмыстарына сәттілік тіліеп, ақ батасын берді.


«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан  төленді.


Это может Вас заинтересовать