Войти через

  • 12°C

Четверг, 25 апреля

Партияның өрелі істерін сөз етті

TINFO
TINFO
Служба новостей
Бүгін Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Мейрамгүл Асылбекқызы аудан тұрғындарымен жүздесті. Үміткер әдеттегідей «Есіктен есікке» акциясына сай тұрғындармен жүзбе-жүз кездесіп, партияның атқарған жүйелі жұмысы мен сайлауалды бағдарламасында жоспарланған іргелі шаруалармен таныстырды.
Тәуелсіздікке қол жеткізгелі елдің дамуы қарқынды. Ілгері отыздықтан орын алуға ұмтылған мемлекеттің өзінше өркендеу жолы бар. Еселі еңбек өз жемісін беруде. Әлем Қазақстанды Азияның барысы деп танитын уақыт та келді. Қалай дегенмен, уақыт талабы басқаша үндейді. Әлемді жайлаған пандемия, түрліше сипат алып жатқан геосаяси жағдай, ұлтаралық қақтығыстар, жер һәм территория үшін болып жатқан шайқастарда Қазақстанның жалғыз ғана миссиясы бар. Ол – бейбітшілікке үндеу. Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізген сәтте-ақ өз жолын саралап алған еді. Әуелі әлемді қырып-жою қаруынан бас тартты. Сонысымен өзгелерге үлгі болды. Міне осындай келелі әңгіме кездесуде сөз болды.
– Талай уақыттан бері халықтың жанынан табылып, олардың бар-жоғын түгендеумен келеді. Мысал келтіру үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Биыл ғана Мақтаралдағы ағайын аяқ-астын апатқа ұшырады. Тілсіз жаудың кесірінен үйсіз қалды талай отандасымыз. Міне, сол кезде партиямыз қапы қалмады. Сондағы ағайынды азық-түлікпен, қажетті жабдықпен қамтамасыз ету үшін көлік-керуенін жөнелтті. Одан бөлек, әлемді жайлаған пандемия кезінде аз қамтылған, көп балалы отбасыларға 50 мың теңгеден жәрдем берді. Бір емес, жеті мәрте. Міне, халық партияның осындай игілікті істерін біледі. Көпшілік «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге құлықты. Өйткені «Nur Otan» халықтық партия ғой, - деді Мейрамгүл Асылбекқызы.
Онлайн кездесуде үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сай өңірде 2025 жылға қарай 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылатынын сөз етті. Сонда еңбек өнімділігін 2,5 есеге, яғни 6 млн. теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік бар. Ол үшін алдағы бес жылда өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 59 жоба іске аспақ. Мәселен, жылына 27 мың бас ірі қараны бордақылайтын 30 алаң салынбақ. Нәтижесінде 162 жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, 8,7 мың басқа арналған 22 сүт-тауар фермасы іске қосылады. Ұйғыр ауданында 300 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндігі бар құс фабрикасы салынады.

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан  төленді.

Это может Вас заинтересовать