Войти через

  • 21°C

Четверг, 28 марта

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкеннің жақтастарының сайлауалды жүріп жатқан үгіт-насихат жұмыстары туралы

TINFO
TINFO
Служба новостей

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Зекешұлының сенімді өкілдері облыс аумағында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, tinfo.kz хабарлайды

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстыру арқылы, қатысушылардың өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, негізінен әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу жоспарларына қызығушылық танытты.

Халықтың болашақ жастарды тұрғын үй сатып алу және жұмысқа орналасу мүмкіндігі сияқты тақырыптар да қызықтырды. Бағдарламамда жастарға ерекше көңіл бөлінетіні атап өтілді. Өйткені олар еліміздің болашағын құруда. Жастарға барлық жолдарды ашып, өзін-өзі дамытуға, үй сатып алуға, кәсіби каръерасын құруға барлық мүмкіндіктер жасауымыз қажет екендігі айтылды.

Бүгінгі таңда Республика бойынша 14 облыста М.Қажыкеннің сайлауалды штабы ашылған. Басқа өңірлерде кандидаттың сенімді өкілдері жұмыс істейді. Айта кетейік ел бойынша барлығы 130-дан астам азамат сенімді өкіл екенін растайтын куәліктерін алған.

Это может Вас заинтересовать