Войти через

  • 10°C

Среда, 17 апреля

Прокурор кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Ұйғыр ауданында Прокуратура мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының филиалы бірлесіп «АРАСАН» демалыс орындарының басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Tinfo.kz Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап. Жиынға 24 кәсіпкер қатысып, бүгінгі таңда орын алып отырған проблемалық мәселелерді көтерді.

Атап айтқанда су бұрғылау, оның ішінде, қоқыс қалдықтарын төгу, қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік мәселері, кәсіпкерлік жүргізу кезіндегі заңдылық, салық кодексінің талаптарын сақтау туралы бірқатар сұрақтар талқыланды. Сондай-ақ, құрылыс жүргізуге байланысты құжаттарды рәсімдеу және рұқсат алу кезіндегі әкімшілік кедергілер туралы айтылды.

Аудан прокуроры Бауыржан Кибраев пен аудандық палата филиалының директоры Муслим Амангелді кәсіпкерлердің мәселелері бойынша жауап беріп, негізсіз тексерулер болған уақытта аудан прокуратурасымен құрылған мобильдік топқа жүгінуге болатындығы айтылды.

Это может Вас заинтересовать