Войти через

  • 12°C

Пятница, 29 марта

Прокурорлар бизнестің сұрақтарын тыңдады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорғанда Кәсіпкерлер палатасы мен Алматы облысы прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі бірлескен жұмысының қорытындысы шығарылды, сообщает Tinfo.kz.

Кездесу барысында Талдықорған өңірінің кәсіпкерлері прокурордың орынбасары Марат Әбдірахмановтың, ЭТД, МКД, көлік прокуратурасының, аудандық және қалалық әкімдіктердің өкілдері алдында мәселелер мен ұсыныстар айтты.

Бұған дейін осындай кездесулер Іле, Талғар және Панфилов аудандарында жақын маңдағы кәсіпкерлердің қатысуымен ұйымдастырылған болатын. Жалпы, өңірлік палата мен облыстық прокуратураның төрт көшпелі отырысының қорытындысы бойынша 80-нен астам мәселе қаралды.

Бүгін кәсіпкерлер жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттері мен әрекетсіздігі туралы айтып, алынған субсидияларды қайтару, тарифтер, мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыру және т.б. мәселелерді көтерді.

Кәсіпкерлердің проблемаларын тыңдау қорытындысы бойынша прокуратура мен "Атамекен" аталған проблемаларды шешу бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынымдар берді, сондай-ақ бірқатар мәселелер ҰКП проблемалық мәселелер тізіліміне енгізу үшін жіберілетін болады.

"Облыстық және аудандық сипаттағы мәселелер бойынша біз хаттамаға енгіздік, орындау мерзімі мен жауаптыларды анықтадық. Республикалық деңгейдегі мәселелерді орталық мемлекеттік органдармен одан әрі пысықтау үшін Палатаның және Бас прокуратураның орталық аппараттарына  жолдаймыз. Сондай – ақ, бүгінгі іс-шараның қорытындысы бойынша басқармалармен бірқатар кездесулер жоспарланған", - деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Лаззат Чинкисбаева.

Это может Вас заинтересовать