Войти через

  • 18°C

Четверг, 28 марта

Райымбек ауданында Абай есімі ұлықталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

10 тамыз — Абай күніне орай Райымбек ауданында Абайға арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов Сүмбе ауылындағы Абай мектебінің алдында орналасқан Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Абай жаққан сәулені сөндірмеу бүгінгі ұрпақтың басты парызы. Атаулы мереке алдағы уақытта жыл сайын тұрақты түрде аталып өтілетіні көңіл қуантады.

Айта кетейік, осыған дейін  ұлы ақынның 175 жылдығына Қарасаз ауылында Райымбек ауданы әкімдігі мен «Мұқағали» журналының ұйымдастырған республика көлеміндегі әдеби кеш өтті.

ЕҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз — Абай күні болып жарияланып, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Бұл күн енді жыл сайын халықтық мейрам ретінде аталып өтілетін болады. Абай күні — қазақтың ізгілік пен өркениет өріне басқан тағы да бір қайырлы қадам.Осындай айтулы шаралар бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді.

Это может Вас заинтересовать