Войти через

  • 5°C

Пятница, 26 апреля

Құрбан айтта Талдықорған өңіріндегі 5,5 мың астам отбасыға ет таратылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Құрбан айтта Талдықорған өңірінде 23200 кг ет 5531 отбасына таратылды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Бұл туралы баспасөз маслихатында ҚМДБ Талдықорған өңірі бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы мәлімдеді.

Бас имамның айтуынша, өткен құрбан айттың 3 күнінде Талдықорған өңірі бойынша құрбан шалу рәсіміне қатысты ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары жоғары деңгейде өтті. Үйлестіру жұмыстарына байланысты арнайы штаб құрылып, азаматтар арасында санитарлық талаптардың сақталуы қатаң орындалды.

QURBAN2020.KZ жобасы арқылы келіп түскен құрбандық шалуға тапсырыстармен қатар, ет алуға өтініш білдірген азаматтардың да сұраныстары толығымен орындалды.

Жалпы өңір бойынша:

1 түйе, 56 сиыр, 529 қой, 60 тоқты,22 ешкі сойылып, 5531 отбасына еттері таратылды. Соның ішінде онлайн режимінде 3 ірі қара, 53 қой, 41 тоқты, 5 ешкі сойылып, 805 отбасына еттері жеткізілді. Ал қосымша 6 сиыр, 45 қой, 7 тоқты сойылып, 316 адамға еттері берілген. Жалпы жұмыс нәтижесінде 23200 кг ет 5531 отбасына таратылған.

"Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық бағытта қолға алған www.qurban2020.kz жобасына белсенді түрде атсалысып, қайырымды жан ретінда қайырын көрсеткен, мұқтаждың мұңын бөлісіп, сауапты амалға үлес қосқан еріктілер тобы, автоеріктілер, қала әкімі және орынбасарлары, қалалық ауыл шаруашылық бөлім және басшысы, қалалық ішкі саясат бөлімі, ветеринардық дәрігерлер, СЭС, жастар басқармасына, мешіт және қаланың автоеріктілеріне, барлық имамдарға, ет цехын 3 күнге тегін ұсынған Амиров Мұса ағамызға алғыс айтамын Алла баршаңызға разы болсын, Алла Тағала жасаған қайырымдылықтың қайырын өздеріңізге еселеп қайтарсын. Әмин" - деп сөзін қорытындылады Ардақ Нүсіпханұлы.

Это может Вас заинтересовать