Войти через

  • 10°C

Пятница, 29 марта

Референдум - демократиялық даму бағытындағы жаңа қадам

TINFO
TINFO
Служба новостей
Жаңа Қазақстан – елімізге жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Осы орайда, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының отырысында мемлекетіміз үшін маңызды қадам - Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынып, Жарлықпен 5 маусымға белгіледі.

Тарихқа тоқталып өтсек, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, яғни 1995 жылы елімізде "Республикалық референдум туралы" конституциялық заң қабылданған болатын. Осы уақытқа дейін Ата заңымызға бірнеше рет өзгеріс енгізілсе де, конституциялық түзетулерге қатысты халықтық референдум өтпеген.

Референдум демократияның маңызды институты болып табылатынын назарға алсақ, осы науқанда мемлекеттік маңызы бар мәселелерге қатысты тікелей халықтың пікірі ескерілмек.
Президент "Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын анықтау ісіне қатысуға мүмкіндік береді" деп атап өтіп, әрбір қазақстандыққа конституциялық құқықтарын іске асыруға жол ашып отыр. Сонымен қатар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының тағы бір айқын дәлелі ретінде бұл бастаманы қабылдай отырып, саяси және конституциялық реформаларды іске асыру жолындағы негізгі қадамдардың бірі деп есептейміз.

Жалпы алғанда 33 бапқа 56 толықтыру енгізу жоспарланып отыр. Ата заңымыздың үштен бірі өзгереді деп күтілуде, осы орайда осындай тарихи шешімге қазақстандықтардың тікелей қатысуымен жүзеге асыру аса маңызды болмақ. Конституцияға түзетулер енгізумен айналысатын жұмыс тобының дайындаған өзгертулерде 1995 жылы таратылған Конституциялық сотты қайта құру, президентке саяси партияларға мүше болуға, ал оның жақындары мен туыстарына саяси және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салу, парламент жұмысы мен сайлау жүйесін өзгерту мәселелері қамтылып отыр.

Қорытындылай келе, өңір депутаттары, Президент бастамасына өздерінің қолдауларын білідіріп, өңірімізде 2 миллионнан астам халық барын ескере келе, үлкен қаладан бастап шалғайдағы ауылға дейін әрбір азаматқа тиісті ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізуге әзір. Бұл жұмыстарға өңірдің халық қалаулылары ретінде белсенділік танытып, тарихи шешімге өз үлесімізді қалдыруымыз парыз.

Даулет Жарасбаев – облыстық мәслихат хатшысы, «Amanat» партиясының мүшесі

Это может Вас заинтересовать