Бүгін ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Жанна Телпекбаева канвассинг кездесу өткізді. Оған "Қазсушар" ШЖҚ РМК Алматы филиалы Панфилов аудандық өндірістік бөлімшесінің басшысы, ауданның "құрметті азаматы" Тоқтарбай Керімқұлов және Панфилов аудандық партиялық бақылау комиссия төрағасының орынбасары Қанат Досмаилов пен өңір тұрғындары қатысты. Елімізде енгізіліп отырған карантиндік талаптарға орай барлық іс-шаралар онлайн режимде өткізіліп жатқаны баршаға белгілі. Онлайн жүздесуде денсаулық, кәсіпкерлік, білім саласы бойынша келелі мәселелер сөз болды. Сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер қатысушылармен партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылап, партияның сайлауалды бағдарламасы ел экономикасын көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналғанын басып айтты. "Nur Otan" партиясы сайлаушылардың үміттерін ақтау үшін, барлық топтағы халықтың мүддесін қорғау үшін және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын болу үшін қажетті шараларды қабылдайтынын да түсіндіріп өтті.
«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.