Войти через

  • 15°C

Четверг, 28 марта

Сүбелі жұмыстарды баяндады

TINFO
TINFO
Служба новостей
Бүгін Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Ықылас Амалбек, Дәулет Жарасбаев Ұзынағаш ауылының тұрғындарымен жүздесті. Үміткер әдеттегідей «Есіктен есікке» акциясына сай тұрғындармен жүзбе-жүз кездесіп, партияның атқарған жүйелі жұмысы мен сайлауалды бағдарламасында жоспарланған іргелі шаруалармен таныстырды.
Тәуелсіздікке қол жеткізгелі елдің дамуы қарқынды. Ілгері отыздықтан орын алуға ұмтылған мемлекеттің өзінше өркендеу жолы бар. Еселі еңбек өз жемісін беруде. Әлем Қазақстанды Азияның барысы деп танитын уақыт та келді. Қалай дегенмен, уақыт талабы басқаша үндейді. Әлемді жайлаған пандемия, түрліше сипат алып жатқан геосаяси жағдай, ұлтаралық қақтығыстар, жер һәм территория үшін болып жатқан шайқастарда Қазақстанның жалғыз ғана миссиясы бар. Ол – бейбітшілікке үндеу. Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізген сәтте-ақ өз жолын саралап алған еді. Әуелі әлемді қырып-жою қаруынан бас тартты. Сонысымен өзгелерге үлгі болды. Міне осындай келелі әңгіме кездесуде сөз болды.
– Талай уақыттан бері халықтың жанынан табылып, олардың бар-жоғын түгендеумен келеді. Мысал келтіру үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Биыл ғана Мақтаралдағы ағайын аяқ-астын апатқа ұшырады. Тілсіз жаудың кесірінен үйсіз қалды талай отандасымыз. Міне, сол кезде партиямыз қапы қалмады. Сондағы ағайынды азық-түлікпен, қажетті жабдықпен қамтамасыз ету үшін көлік-керуенін жөнелтті. Одан бөлек, әлемді жайлаған пандемия кезінде аз қамтылған, көп балалы отбасыларға 50 мың теңгеден жәрдем берді. Бір емес, жеті мәрте. Міне, халық партияның осындай игілікті істерін біледі. Көпшілік «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге құлықты. Өйткені «Nur Otan» халықтық партия ғой, - деді Дәулет Жарасбаев.

- Сайлауалды бағдарламаға сай, алдағы уақытта фармацевтикалық өнім шығаратын зауыт, ет өңдеу зауыты салынбақ. Одан өзге Ұйғыр ауданында жылына 26 мың тонна өнім беретін құс фабрикасы да бой көтермек. Мұнан өзге «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағына және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығына инвестор тарту барысында құны 353,4 млрд теңгенің 61 жобасын жүзеге асу жоспарланған. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде алдағы бес жылдықта жалақысы 200 мың теңгеге жететін 134 мыңнан астам жұмыс орны ашылады, - деді Ықылас Амалбек.
Мұнан өзге үміткерлер «Nur Otan» партиясы атқарған жемісті шаруаларды баяндап қана қойған жоқ, серіктестік қызметкерлерін алдағы сайлауға белсенді қатысуға, нақ істер партиясына дауыс беруге шақырды.

  «Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Это может Вас заинтересовать