САБАНТУЙ – 2025 ТАЛДЫҚОРҒАНДА ӨТТІ!
14 маусым күні Талдықорған қаласының Орталық жағажайында ұлттық рухқа, шаттыққа және татулыққа толы Сабантой мейрамы жоғары деңгейде ұйымдастырылды!
Бұл - көктемгі егін науқанының аяқталуын тойлайтын татар халқының ежелгі әрі қуанышты мерекесі.
Мереке - түрлі жастағы адамдарды біріктіріп, дәстүр мен еңбекті ұлықтайтын нағыз халықтық шараға айналды.
Бағдарламада: - Көтеріңкі көңіл-күй мен ұлттық ойындар - Жастан кәріге дейін қызыға қатысқан жарыстар: қаппен күрес, арқан тартыс, бағанға өрмелеу, катык ішу жарысы және тағы басқалар - Балаларға арналған қызықты конкурстар - Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі - Креативті концерт пен көңілді би, ән-күй
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал келген қонақтар татар қонақжайлылығын толық сезінді!
Сабантой - халықтың бірлігі мен достығының жарқын көрінісі болды!