Войти через

  • 20°C

Суббота, 20 апреля

Сайлау күні дауыс беруге асыққандардың бірі Ақжол мен Гүлім Асқарбековтар

TINFO
TINFO
Служба новостей

18 жастағы қос сайлаушы бір сыныпта оқыған, жақында отбасын құрған. Екеуіде студент. Ақжол Алматы қаласындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы университетте заңгер мамандығы бойынша білім алады. Ал, жары Гүлім Әмірғали Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінде аудармашы мамандығын меңгеруде, tinfo.kz хабарлайды

«Біздің кәмелет жасқа толып, отбасын көтерген жылымыз, елдегі сайлаумен тұспа-тұс келгені біз үшін өте қуанышты жайт болды. Бүгіннен бастап, біз өз дауысымызды беріп, еліміздің дамуына үлес қоса аламыз. «Ел болашағы – жастардың қолында» деп Президентіміз айтқандай, әрбір жастың дауыс беруі маңызды. Сол себепті Алматы қаласынан арнайы дауыс беруге ауылыма келдім»,-деді жас сайлаушы Ақжол Асқарбек.

Айта кетейік, Көксу ауданында 26 146 сайлаушы бар. Оның 51-мүмкіндігі шектеулі азаматтар болса, 311 сайлаушы алғаш дауыс беру құқығына ие болып отырған жастар.

Это может Вас заинтересовать