Войти через

  • 17°C

Четверг, 25 апреля

Сайлауда – Әулеттің де бар үлесі

TINFO
TINFO
Служба новостей

Жанама ауылының тұрғыны, көп балалы ана Шәмішхан Шұғаева 10 баласы келінімен 17 немересімен №54 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

«Бүгін біздің еліміз үшін үлкен мереке – осы сайлауда отбасыммен бірге келіп, дауыс бердік. Мен осы сайлауға дейінде бірнеше сайлаулардан отбасымызбен қалмай келіп, дауыс беріп жүрміз. Бұл біріншіден әр адамның жауапкершілігі. Еліміздің ертеңі, болашақ ұрпақ үшін, әділ басшыны саралап сайлау – ол біздің міндетіміз. Осы орайда бүгінгі сайлауға отбасымызбен үлесімізді қосайық деп келдік. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.» - деп 90 ға келген әжеміз ақ тілегін білдірді.

Айта кетейік, қарт анамыз Тәуелсіздік алғаннан кейін де президенттік сайлауларда белсенділік танытып, өзінің қатарластары мен арттағы ұрпақтарға үлгі көрсетіп, сайлауға қатысуға ат салысып келеді.

Это может Вас заинтересовать