Войти через

  • 17°C

Четверг, 25 апреля

Сапалы жұмыс – қолайлы өмірге бастайды

TINFO
TINFO
Служба новостей
Бүгін Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бекқожа Сағымбек Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қаражота ауылдық округі тұрғындармен кездесті. Кездесуде үміткер тұрғындардың ау-жағдайын біліп, партияның жұмыстарын түсіндірді.
- Ауылдың жағдайы елдің келешегіне тікелей байланысты. Қазір ауылдық елді мекендерге қолдау жан-жақты. Мәселен, «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүйелі жүзеге асуда. Жоба сәтті жүзеге асса, ауылдағы ағайынның сапалы өмір сүруі қамтамасыз етілмек. Міне, біздің партияның да көздеген мақсаты сол. «Nur Otan» партиясы ауылдағы ағайынның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасында негізгі бағыт етіп алды. Партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына атсалыспақ. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар етжеңді жоспарларын кіргізді. Мәселен, елдегі үш ауысымдық мектептердің түбегейлі жойылуын, балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізуді басты нысанаға алған. Одан бөлек, сапалы білім – болашаққа салған мықты капитал. Бүгінгі оқушы – ел келешегі десек, оларды заманауи білімге сусындату да сайлауалды бағдарламада басты тақырып болып тұр, - деді Б.Сағымбек.
Үміткер партияның қоғам мүшелерінің саулығын нығайту жайын сөз етті. Бекқожа Сағымбек халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін 1000 адамға шаққанда 55 пайыздан 60,1 пайызға дейін жақсартуға мүмкіндік беретінін айтты. Сайлауалды бағдарламаға сай өңірде 2025 жылға дейін спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 30 пайыздан 45 пайызға артады екен.

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.



Это может Вас заинтересовать