Войти через

  • 15°C

Вторник, 19 марта

Сарқан ауданында Тәуелсіздік күнін атап өтті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Сарқан ауданында «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым — Желтоқсан» салтанатты жиын өтіп, онда аудан әкімі Марат Мелісұлы тұрғындарды құттықтады, деп хабарлайды, TINFO.KZ.

«Бұл күн — мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке. 1991 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіздігімізді жария етіп, мәңгілік ел болудың бірегей қадамын жасадық. Ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қол жеткіздік. Құрметті сарқандықтар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын», - деп атап өтті өңір басшысы.

Тәуелсіздік мерекесі күні қарсаңында Алматы облысы әкімінің Құрмет, алғыс хаты және аудан әкімінің алғыс хатымен бірқатар мекеме, кәсіпорын қызметкерлеріне табысталды.

ҚР Президентінің Жарлығымен еліміздің білім саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін аудандық білім бөлімінің басшысы Панар Иманғазиева «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ әр салада ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосқан 7 азаматқа «Сарқан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Шара соңында Талдықорған қаласынан арнайы келген «Талдықорған әуендері» этнографиялық ән-би ансамбілінің концерттік бағдарламасымен ұласты.

 

Это может Вас заинтересовать