Войти через

  • 8°C

Четверг, 25 апреля

Сарқан ауданының әкімдігінде ауыс-түйіс

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының Сарқан ауданында аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Ғабит Сабитұлы тағайындалды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Ол бұған дейін осы мекеменің бас маманы қызметін атқарып келді.

Ғабит Сабитұлы 25 жаста. Сарқан ауданының Сарқан қаласында дүниеге келді.  2016 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін "машина жасау инженері" мамандығы, 2018 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 2017 жылы «Аманбөктер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы қызметінен бастады. 2018 -2019 жж. аралығында «Сарқан қаласы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

2019 жылдан бері «Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаурашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметін атқарып келді.

Это может Вас заинтересовать