Войти через

  • 17°C

Четверг, 25 апреля

Сарқанда аудан әкімі ардагерлерге құрмет көрсетті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Сарқан ауданының әкімі Марат Разбеков аудан ардагерлерімен кездесті, деп хабарлайды TINFO.KZ аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы ғасыр жасаған қарияларымыздың қал-жағдайларын сұрап арнайы барып, келіп жеткен Жаңа 2020 жылмен құттықтап, сыйлықтарын табыстады.
Марат Разбеков алдымен Шекарашы, Қарғалы ауылында тұратын ҰОС ардагері Геннадий Ульянов және Алексей Галкиннің шаңырағынан бастап, Қойлық ауылында тұратын ҰОС ардагері тоқсан жастан асқан Берлібек Ысқақовпен кездесті.

Өңір басшысы «Ардагерлер үйінде» бас қосқан ардагерлер қауымын жаңа келе жатқан тышқан жылымен құттықтап, ізгі тілегін ақтарды.
«Құрметті ардагерлер қауымы Сіздерді келе жатқан Жаңа 2020 жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймыз! Келер жылда отбасыңызға құт-береке, қызметіңізге өрлеу тілейміз. Денсаулығыңыз күйлі-қуатты, бақытыңыз баянды, көңіл-күйіңіз тамаша болсын.
Алдағы жыл Сіздерді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын», - деп атап өтті Марат Разбеков.

Фото: Сарқан ауданының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать