Войти через

  • 15°C

Среда, 24 апреля

Сарқанда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Сарқан аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні салтанатты түрде аталып өтті, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Салтанатты жиында аудан әкімі Марат Мелісұлы сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Шара барысында ауыл шаруашылығы саласында жоғары көрсеткішке қол жеткізген Алмалы ауылдық округінің әкімі Асқар Жүнісұлына аудан әкімінің ауыспалы кубогы табысталып, «Үздік округ әкімі» атағын иеленді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласы бойынша ағымдағы жылдың он бір айында атқарған жұмыстарына сәйкес, Бас жүлдені Қарабөгет ауылдық округі, бірінші орынды Сарқан қаласы, Көктерек ауылдық округі екінші орынды, ал Аманбөктер ауылдық округі үшінші орынды мүсе тұтты.
Жиында мал, егін шаруашылықтары бойынша да үздік шаруа қожалықтар, кәсіпорындар мен озық кооперативтер ұжымдарына Алматы облысы әкімінің Құрмет, алғыс хаты және аудан әкімінің алғыс, құрмет грамоталары табысталды.

Тәуелсіздік мерекесіне орай ауданымыздың тумасы, ауданымыздың құрметті ардагері Рахимжанов Шакрат атамыз «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» орденімен награтталды.
Шара соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мерекеге орай ұйымдастырған концерттік бағадарламасына ұласты.
Айта кетейік, ағымдағы жылы аудан бойынша аграрлық секторда 42 млрд. теңгенің өнім өндірілген.

Фото: Сарқан ауданының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать