Войти через

  • 21°C

Суббота, 20 апреля

Сарқандық кәсіпкерлер 156 балаға тосын сый жасады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Сарқан ауданында Жаңа жылдың қарсаңында «Амина» мейрамханасының иесі Ася Валентиновна және «Абдрахимов» шаруа қожалығының басшысы Мират Хаматайұлы көп балалы және толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан ұл-қыздарға мереке ұйымдастырды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Балаларға мерекелік ақ дастархан жайып, жасыл шырша ұйымдастырылып, ерекше сый жасалды.
Мерекелік бас қосуда аудан әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Абибеков келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балаларға жүрек жарды тілектерін арнады.
Мейрамхана ұжымы балалардың көңілдерін көтеру мақсатында әуезді әндер, қызықты ойындармен, ғажайыпқа толы әсерлі кеш ұйымдастырды.
Айта кетейік, жасыл шырша мерекесіне 156 қатысып, барлық балаларға тәтті сыйлықтар мен ойыншықтар үлестірді.

Фото: Сарқан ауданының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать