Войти через

  • 9°C

Пятница, 19 апреля

Сауыншы Бижамал апа: соғыс жүріп жатқанда біздер бел қайысып жұмыс істедік

TINFO
TINFO
Служба новостей

Майдандағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор және айрықша құрметке ие. Ұлы жеңістің қарсаңында «Бәрі майдан үшін» деп астық алқабында, совхоз, зауыттарда тер төккен жандарды еске алып жатамыз.  

Cоғыстан кейін құлдыраған экономиканы, күйреген халық шаруашылығын қалпына келтіру Кеңес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болғаның білеміз. Ауыл шаруашылығы саласында күрделі өзгерістер орын алып, колхоздар, совхоздардың экономикасын көтеруге бағытталған шаралар белгіленіп жатты. Кеңес одағының аумалы-төкпелі заманында өмірдің бар қиыншылықтарын бір кісідей көрген әжейдің жүріп өткен өмір жолын еске алғанда бір күліп, бір жылап алатыны бар. Комсомол сауын бригадасында еңбек еткен Бижамал апамыздың есімін біреу білсе, біреу білмейді."Қиын-қыстау кезеңде   қариялар мен балалар  тылда аянбай еңбек етті. Біз күнде таң атпай тұрып, шөп-жемін беріп, сауып, сүтін өткізетін едік", - деп еске алады сол жылдарды Бижамал Камелова.

Ұлы отан соғысы басталғанда Бижамал Камелова небәрі 4 жаста болатын. Балалық шағын сұрапыл соғыстың сұрғылт күндерінде өткізген Бижамал Кемалова қазірде 84 жаста. Бижамал апамыз төрт ұл, үш қызды өсіріп-тәрбиелеп, балаларынан он үш немере, 12 шөбере сүйіп отырған алтын құрсақты ана. Бүгінде тұрмысы берекелі, отбасы көпке үлгі. Бала-шағасын адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеп келеді.

Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз-хатшысы
Бисембекова Раушан

Это может Вас заинтересовать