Саяси бәсекелестіктің күшейетін кезі
Ел президенті Қ.Тоқаев 20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады, tinfo.kz хабарлайды
Бұл саяси бәйгеде бәсекелестің күшейетіні анық. Еліміз жаңа саяси модель жолына қадам басқан уақытта сенім мандатына ие болу өте қажет және бұл уақыт талабы. Ел іші тұрмақ жаhандану кезінде әр мемлекет саяси бағыттың жаңа жолын таңдап, әрқалай іске асыруда. Ал біздің елде саяси реформалардың жарқын қадамы осы сайлау болары анық. Өмір бір орында тұрмағандықтан, заман ағымына бізде бірдей ілесіп, соған сай болу керекпіз. Осы орайда, ендігі міндетіміз, біз өз азаматтық белсенділігімізді танытып, қажет болған кезде сайлауда бақылаушы ретінде қатысып, заңды өтуіне атсалысып, үлесімізді қосуымыз қажет ағайын! Ел ертеңін айқындайтын Сіздермен біздерміз.
Болатжан Нұрбеков – Алматы облыстық мәслихатының депутаты, «Ауыл» партиясының мүшесі