Войти через

  • 20°C

Вторник, 23 апреля

Саят Медеуов Кербұлақ ауданындағы ән-би ансамблінің жетекшісі болып тағайындалды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Белгілі қазақстандық әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Саят Медеуов Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы «Күреңбел» фольклорлық-энтографиялық ән-би ансамблінің жетекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Бұл туралы аудан әкімі Махаббат Бигелдиев Facebook парақшасында жазды.

«Бүгін Кербұлақ ауданының мәдениет саласында жаңалықты күн болды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі сахна саңлағы, Саят Медеуов ауданымызда құрылған «Күреңбел» фольклорлық-энтографиялық ән-би ансамблінің жетекшісі болып тағайындалды. Саят Қабылұлының өнердегі және өмірдегі жинаған іс-тәжірибесі ауданымыздың өнерпаздарының кәсіби деңгейінің өсуіне зор ықпал тигізеді деген сенімдемін! Саят Қабылұлына іске сәт дегім келеді», - деп жазды өңір басшысы.

Саят Қабылұлы 1973 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы дүниеге келген.

"Көк шолақ", "Сен көріктісің", "Алтыным", Кенен Әзірбаевтің "Бозторғай", "Қайран жастық", Халық әндері "Самал тау", Ө.Байділдаевтың "Туған жер", Е.Сыпаналиевтың "Мен сені қалай сүйгенмін" және "Саған арнадым", "Өзіңді аңсап", "Ауылым", "Әке", Қ.Бисенбаевтың "Қызға тілек" және т.б көптеген әндері бар.

2014 жылы «Мәдениет саласының Үздігі» құрметті төсбелгісімен,  2015 жылы «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 2017 жылдың 26 наурыз айынан бастап Алматы облысы Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланды.
Фото: www.facebook.com/BigeldievMahabbat.

Это может Вас заинтересовать