Войти через

  • 7°C

Пятница, 26 апреля

Үш ауысымдық мектептер жойылады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қазір де, келешекте де құнын жоймайтын капитал – білім. «Білекті бірді, білімді мыңды» жығады деген тәмсілді баба жұрт тегін айтпаса керек. «Nur Otan» партиясы білім саласында етжеңді шаруаларды жоспарлап отыр. Мәселен, партия сайлауалды бағдарламасында алдағы бес жылдықта өңірде балабақша сұранысын 100 пайыз қамтуды көздейді. Үш ауысымдық мектеп дегенді өткеннің еншісінде қалдырып, 80 жаңа мектеп бой көтермек. Әрине, білім беру ұйымдары стандартқа сәйкес заманауи жабдықтармен қамтылып, оқушылардың жан-жақты білімді, елдің керегесін кең етер алымды да қарымды ұрпақты тәрбиелемек. Осындай келелі тақырыптар ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер Дамир Дигай, Мақпал Тәжмағамбетова, Досан Кәрімовтердің қатысуымен өткен Текелі қаласындағы «Асар» сауда үйінде өткен кездесуде сөз болды.

- Ел халқы партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтеді. Нақ істер партиясы жаңашылдығымен, елді өрісті дамуға жетелейтін қадамымен айшықты. Біз және партияластарымыз жарқын болашақтың негізін қалаймыз. «Nur Otan» партиясы ауылдағы ағайынның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасында негізгі бағыт етіп алды. Партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына атсалыспақ. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар етжеңді жоспарларын кіргізді. Мәселен, елдегі үш ауысымдық мектептердің түбегейлі жойылуын, балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізуді басты нысанаға алған. Одан бөлек, сапалы білім – болашаққа салған мықты капитал, - Мақпал Мазаққызы.

Мұнан соң сөз алған Дамир Дигай партияның жастарға мол мүмкіндік беріп отырғанын тілге тиек етті. Үміткердің айтуынша, нұротандықтар ұйымдастырған партияішілік іріктеу жаңа тұлғалардың, жаңашыл бастамалардың өзегі болып тұр. Жаңа тұлға – жастар. «Жас келсе іске» дегенді бұрынғылар тегін айтпаса керек. Жастармен елге жаңа леп келеді. Досан Кәрімов те партияласының бұл сөзін қуаттады. Оның сөзінше, Ежелгі Мысырдан тақта тас табылыпты. Сол таста «Жастар бұзылып барады» деген жазба бар екен. Д.Елжанұлының айтуынша, жастар прогресс, ал оған тосқауыл жасамау керек, есесіне бағыт беріп, бағдарлап, прогрестің соңынан ілесу қажет.

Кездесу соңында үміткерлер қатысушылардың сауалдары мен пікірлеріне құлақ түрді. "Асау" сауда үйінің директоры Бауыржан Досаев және зейнеткер Айбарша Елеусінқызы, медбике Эльмира Арыстанбайқызы «Nur Otan» партиясының ұрпақтың жайлы да оңтайлы ортада өмір сүруіне жағдай жасап жатқанына алғыс білдірді. Сауда үйіне келушілер мен сонда нәпақа тауып жүрген қызметкерді алдағы сайлауда белсенділік танытып, нақ істер партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Это может Вас заинтересовать